Жаңалықтар

Бердымұхамедов 2025 жылға дейін Түркіменстанды темекіден азат елге айналдырмақ

ашық дереккөзі

Бердымұхамедов 2025 жылға дейін Түркіменстанды темекіден азат елге айналдырмақ

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов 17 сәуірде 2017-2021 жылдарға арналған темекіге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламаны бекітті. Онда Түркіменстанды 2025 жылға дейін "темекіден азат етілген елге" айналдыру қарастырылған, деп хабарлайды centralasian.org.  Бағдарламаны жүзеге асыру жергілікті билікке жүктелген. Түркімен билігі темекімен күресті 2011 жылы бастаған. Сол жылдары темекі өніміне акцизді күрт көтеріп жіберген. Екі жыл өткен соң билік қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салды. Осыдан кейін түркімен дүкендерінде және базарда темекі жоғалып кетті. Ал бағасы бір қорабы 13 долларға дейін көтерілді. Салауатты қоғам қауіпсіздігін қорғау қызметі Ашхабад базарларында жиі рейд өткізіп тұрады. Сатушылардан темекі табылған жағдайда, төменгі жалақының он есептік көрсеткіші бойынша айыппұл төлетеді (5900 манат немесе 1680 АҚШ доллары).