Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 09:37 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін, 24 қаңтарда Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз ауа райы жағдайлары Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Орал және Ақтөбе қалаларында болжанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлар жиынтығы. Оларға желсіз немесе әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайлар кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауаның ластану деңгейіне синоптикалық жағдайлар – желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы тікелей ықпал етеді.