Түркістан облысында Жетісай аудандық сотының 2026 жылғы 16 қаңтардағы үкімімен әкесін жүйелі түрде ұрып-соғып келген ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сот үкімімен келіспеген Шардара ауданының прокуратурасы жазаны қатаңдату туралы өтінішхатпен апелляциялық наразылық келтірді. Наразылық заңда белгіленген мерзімдерде сотта қаралатын болады», – деп жазылған Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.