Рудныйдағы адам өлімі: Екі жасөспірім іздестіріліп жатыр

Бүгін, 17:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Рудный қаласында адам өлтіріп, аса ауыр қылмыс жасады деген екі күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, іздестіріліп жатқан екі жасөспірім – Рудный қаласының 17 жастағы тұрғыны және оның қатарласы, Бейімбет Майлин ауданының тұрғыны.

Күдіктілердің іздеуде жүргені туралы ақпаратты Қостанай облысының прокуратурасы растады. Сонымен қатар тергеу мүддесіне байланысты іздестіріліп жатқан тұлғалардың жасы, тұрғылықты жері және оқиғаның өзге де мән-жайлары жария етілмейді.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы – «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұлғалар анықталды. Қазақстан аумағындағы барлық полиция жеке құрамы бағдарланды, оларды ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Қостанай облысы прокуратурасының хабарламасында.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Расталмаған мәліметтерге сәйкес, қылмыс жастар арасындағы жанжал салдарынан жасалуы мүмкін. Жанжалға қатысушылар арасында жаппай төбелес болған. Күдіктілердің бірі жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салып, ол қаза тапқан.

Тэгтер:

күдікті Жасөспірім Рудный төбелес Адам өлімі жанжал тергеу