Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Бүгін, 17:01 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы хоккейден Стамбулда (Түркия) өтіп жатқан IIA дивизионындағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандастарымыз Түркия құрамасын жеңді. Кездесудің шамамен ортасына дейін командалар есеп аша алмады. Алайда екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсыластың қақпасына үш шайба соқты.

Ойынның 34-минутында Қазақстан құрамасының қақпасына буллит белгіленіп, алаң иелері оны сәтті орындады. Ал үшінші кезеңде қазақстандықтар тағы екі шайба салып, матчты 5:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландия мен Латвияны жеңген болатын. Келесі ойында қазақстандық хоккейшілер Нидерланд құрамасына қарсы мұз айдынына шығады.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы хоккей қыздар құрамасы