General Motors көлікті көзбен жүргізетін жүйені сынақтан өткізіп жатыр

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

General Motors қолды қозғалтпай-ақ, тек көзқараспен көлікті жолаққа ауыстыруға мүмкіндік беретін жаңа жүйені сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz thedrive.com-ға сілтеме жасап.

Көліктің ішіндегі арнайы камера көздің қозғалысын бақылайды.

Жүйе тек белгілі бір ретпен жасалған қозғалысқа жауап береді: алдымен айнаға, кейін жолға, содан соң қайта айнаға қараса, автокөлік автоматты түрде жолақты өзгертеді. Бұл технология алдағы уақытта жүргізушілердің қолын пайдаланбай-ақ көлікті басқаруына мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Тэгтер:

көлік