Испанияда жоғалып кеткен мысық Франциядағы үйіне өз бетімен оралған

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: LP/Christian Goutorbe

Испанияда саяхат кезінде жоғалып кеткен үй мысығы төрт ай бойы жалғыз жүріп, шамамен 250 шақырым жолды еңсеріп, Франциядағы үйіне өзі қайтып келген. Ерекше оқиға туралы еуропалық БАҚ жазды, деп хабарлайды turkystan.kz leparisien.fr-ға сілтеме жасап.

Филу есімді мысық иелерімен бірге сапар кезінде жоғалып кеткен. Қожайындары оны бірнеше апта бойы іздегенімен, нәтиже болмаған. Арада бірнеше ай өткен соң, мысық Францияда көршілердің ауласынан табылған. Ол қатты арықтап, ауырып қалған.

Жергілікті ветеринарлық клиникада Филудың чипі тексеріліп, оның дәл сол Испанияда жоғалған мысық екені анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, жануар ұзақ уақыт бойы өздігінен күн көріп, үлкен қашықтықты жүріп өткен.

Қазір Филу ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты. Бұл оқиға жануарлардың бағдар табу қабілеті мен үйіне деген «инстинкт байланысын» тағы бір рет дәлелдегендей.

Тэгтер:

Франция мысық Испания