2023 жылы сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы басқа тұлғалармен бірге әрекет етіп, қызметтік жағдайын пайдалана отырып, клубтың ақшалай қаражатын иемдену және талан-таражға салу жолымен 67,2 млн теңге көлемінде жымқырған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сонымен қатар аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару фактісін де расталған. Бюджетке 287,1 млн теңгеден астам қаражат түспеген.
Сотталушының өзі жымқыру эпизоды бойынша кінәсін ішінара мойындағанымен, салық төлеуден жалтару айыбын мойындамады.
Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерді: сотталушының жасы (63 жаста), бұрын сотты болмағаны, сондай-ақ отбасылық жағдайы — ауыр созылмалы аурулармен ауыратын қарт анасына күтім жасау қажеттігі.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сот оған орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу арқылы 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты және басшылық лауазымдарды 7 жыл мерзімге атқаруға тыйым салынды.