Қарағандыда Серік Сәпиевті ұрып-соққан кім екені белгілі болды

Бүгін, 11:56 / Інжу Әлихан
коллаж: turkystan.kz

Бокстан Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Қарағанды облысы спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев соққыға жығылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Kozachkov offside мәліметінше, даңқты спортшыны өзінің орынбасары, джиу-джитсудан әлем чемпионы Дәурен Есімханов ұрып-соққан.

«Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», –  деді полиция.

Белгілі болғандай, Дәурен Есімханов 25 тәулікке қамауға алынды.