Kaspi еліміздің 300 қаласы мен ауылына тапсырыс жеткізуді қалай ұйымдастырады?

Бүгін, 11:00 / Túrkіstan International Political Weekly

161 миллион тапсырыс, 10 000 жұмыс орны және 126 миллиард теңге төленген салық.

Еліміздің түпкір-түпкіріндегі 300 қала мен ауылдың тұрғындары күн сайын Kaspi Магазиннен тапсырыстарын алады. Жыл­дам әрі сапалы жеткізуді Kaspi Жеткізудің серіктестік желісі қамтамасыз етеді. Бұл – Қазақстанның әртүрлі компанияларында, қабылдау пункттерінде, логистикалық ор­талықтарда және тәуелсіз курьерлік қыз­мет­терде еңбек ететін шамамен 10 000 қызметкер. 
Kaspi.kz-тің бүкіл ел аумағында се­рік­тестік негізде логистика­лық жеткізу же­лісін қалай қалыптастырғаны тура­лы баяндаймыз.
Kaspi еліміз бойынша өте көп сатушы мен сатып алушыларды байланыстырады. Көп­теген қазақстандық өндіруші Kaspi Мага­зин арқылы өз өнімдерін бүкіл ел аумағында тікелей сату мүмкіндігіне ие болды. Мысалы, Қара­ғанды облысының Абай қаласында ор­на­ласқан заманауи өндірістік кәсіпорын – «Абай» тігін фабрикасы.
Абай тігін фабрикасында 100-ден астам адам жұмыс істейді: тігінші­лер, пішушілер, техникалық мамандар.
Кәсіпорын қысқы күртешелер, спорттық костюмдер, төсек-орын жабдықтары, ар­найы жұмыс киімдері және басқа да тоқыма өнім­дерін шығарады. Kaspi Магазиннің кө­ме­гімен «Абай» фабрикасы Қазақстанның бар­лық өңірінен тапсырыс алады. 
Жуырда тапсырыстардың бірі Ақтаудан түсті. Көпбалалы ана Гүлмира Тағаева үлкен қы­зына жарқын түсті спорттық күртеше тап­сырыс берген. Үш күннен кейін сатып алу­шы өз тапсырысын ең жақын Kaspi Postomat-тан алады. Осы бір қысқа уақыт ішін­де сатып алынған зат 3 мың шақы­рым­­нан астам жол жүреді. Ал оны тасымалдауға бір­ден бірнеше өңірлік логис­тикалық ком­па­ния қатысады.
2025 жылы Kaspi Жеткізу арқылы жүк көліктеріне арналған шиналар мен жиһаз­дан бастап, электроника мен киімге дейін 161 миллионнан астам тапсырыс жеткізілді. Kaspi Магазиндегі пікірлерде сатып алушы­лар «Рақмет, мерзімінен бұрын жеткізілді! Өте жақсы оралған!» дегенді жиі жазады.
Біз тауардың сатушыдан сатып алушыға дейін­гі барлық кезеңінен өтіп, бұл жүйенің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көзбен көрдік.
Алдымен сатушы өз тауарын тапсырыс­тар­ды қабылдау пунктіне әкеледі. Бүгінде елі­міз бойынша жалпы ауданы 37 000 м² бо­ла­тын осындай 100 пункт жұмыс істейді. Әр өңірдегі қабылдау пункттері Kaspi.kz-тің серік­тестері болып саналатын тәуелсіз ком­па­нияларға тиесілі. Пункттер демалыссыз жұ­мыс істейді, ал бүкіл ел бойынша тап­сы­рыс­­тарды қабылдаумен 1 000-нан астам қыз­меткер айналысады.

Posta Point курьерлік компаниясының қоймасында.

Қабылдау пункттеріне жеткен тапсырыс­тар әрі қарай өңірлік сұ­рып­­тау орталық­тары­на жіберіледі. Бұл Қазақстанның 10 өңірінде са­лын­ған ірі логистикалық кешен.
Әрбір сұрыптау орталығы заманауи жаб­дық­­тармен қамтамасыз етіл­ген және дема­лыссыз, тәулігіне жүз мыңдаған тапсырысты өңдеуге қабі­лет­ті. Ең ірі сұрыптау орталығы Ал­маты қаласында орналасқан, оның ау­ма­­ғы 30 000 м². Еліміз бойынша өңірлік орта­лық­тарда ауысыммен1 500-ден астам адам жұ­мыс істейді.
Өңірлік сұрыптау орталықтарының арасында 650 жүк көлігі, пойыздар және тіпті ұшақтар үздіксіз қатынап, елдің барлық өңірін бірыңғай логистикалық желіге біріктіреді.

Kaspi.kz-тің серіктесі – Zammler компаниясының тапсырыстарды қабылдау пункті.


Осылайша, тапсырыс сатып алушының өңіріндегі сұрыптау орталы­ғына келіп жетеді. Осы жерден оны курьерлік компаниялар алып, өз қой­ма­ларына жеткізеді. Ол жерде тапсырыстар аудандар бойынша бөлі­ніп, сатып алушыларға жеткізу үшін топтастырылады. Kaspi Жеткізудің еліміз бойынша осындай 60 серіктес компаниясы бар, олардың әрқай­сысында жеке қоймалардың үлкен желісі қалыптасқан. Kaspi Магазиннен тауар жеткізумен айналысатын курьерлік компанияларда 7 000 адам жұ­мыс істейді. Олардың басым бөлігі – курьерлер мен қойма қызмет­кер­лері.
Kaspi Жеткізудің серіктестік моделі өңірлік логистикалық компания­лар­дың дамуына мүмкіндік беріп, бүкіл ел бойынша жаңа жұмыс орын­дарын ашуға жағдай жасайды.

Taler компаниясының жүк көліктері. Бұл Kaspi.kz-тің Қазақстан бойынша магистралдық тасымалдауды жүзеге асыратын логистикалық серіктестерінің бірі.

Егер Kaspi Магазиннен сатушыдан сатып алушыға дейінгі жеткізу үдері­сіне қатысатын барлық маманды есептесек, олардың саны 10 000 адам­­нан асады. Бұл – логистер, жүргізушілер, курьерлер, қабылдау пункт­­­тері­нің, сұрыптау орталықтарының және қоймалардың қызмет­кер­лері, сондай-ақ басқа да мамандар.
Әртүрлі өңірлер мен түрлі серіктес ұйымдардағы осынша көп адам қа­­лай­ша бірлесе, үйлесімді түрде жұмыс істеп, миллиондаған тауарды қыс­­қа мерзімде елдің кез келген нүктесіне жеткізеді? Үйлесімді жұмыс екі негізгі компоненттің арқасында қамтамасыз етіледі.


Біріншісі – Kaspi командасы әзірлеген Logistics Operation Management (LOM) IT-платформасы. Бұл бірыңғай IT-платформа барлық сәлем­­демелерді, қоймаларды, жүк көліктерін, ұшақтарды, курьерлерді және басқа да логистикалық ресурстарды бір жүйеге біріктіріп, оларды нақ­ты жет­кізу бағыттары мен тапсырмаларға жинақтайды. Жүйе әр тап­сырысты нақты уақыт режимінде бақылап отырады, курьерлерге тапсырмалар бере­ді, сұрыптау орталықтары мен тасымалдаушылардың жұ­мысын үйлес­тіреді, бағыттарды құруға және есептер жасауға көмек­те­седі.
Екіншісі – «Стандартты операциялық протокол» (SOP). Құжат­тың өзінде оның мақсаты: «Еліміздің бүкіл аумағында тиімділікті және сапаның бірыңғай жоғары стандартын қамтамасыз ету» деп нақты көр­сетілген. Бұл – барлық серіктестерге арналған егжей-тегжейлі нұсқаулық.

Kaspi.kz-тің серіктесі – Zammler компаниясының сұрыптау орталығы.

Ол сатушылар мен тапсырыстарды қабылдау пункттерінен бастап, қой­малар мен курьерлерге дейінгі барлық процестерді қамтиды.
Мысалы, қоймалардың әрбір санаты үшін аумақ қандай болуы тиіс еке­ні, температура, жүк және жеңіл автокөліктерге арналған тұрақ орындарының саны, қабылдау аймағындағы жабдықтар, тауарларды тиеу мен түсіру үшін тәулік бойғы қолжетімділік, бейнебақылау және жаз­баларды сақтау талаптары, нақты аймақтарға бөлу – қабылдау мен сақтау аймақтарының ажыратылуы, қойма қызметкерлерінің еңбек жағдайлары және басқа да талаптар нақты көрсетілген. Бұдан бөлек, ондаған түрлі пара­метрі егжей-тегжейлі сипатталған.
Жеткізуді сатып алушылар мен сатушылар үшін тиімді ету мақсатында Kaspi шығындардың басым бөлігін өз мойнына алады. Соңғы үш жыл ішінде Kaspi жеткізу инфрақұрылымына өз қаражаты есебінен 200 мил­лиард теңгеден астам инвестиция салды.
Міне, сатып алынған тауар ақыры сатып алушының қаласына жетті. Курьерлік компанияға бақытты клиентке тапсыру ғана қалады. Мұны екі тәсілмен жасауға болады: тауарды тікелей қолына беру немесе Kaspi Postomat-қа жеткізу.
Сатып алушылардың басым бөлігі Kaspi Postomat арқылы жеткізуді таңдайды. Себебі бұл әлдеқайда ыңғайлы: курьерді күтудің қажеті жоқ, тауарды кез келген уақытта алып кетуге болады. Бүгінде еліміз бойынша 10 000-нан астам осындай құрылғы орнатылған. Ірі қалаларда оларды әр қадам сайын кездестіруге болады, ал ауылдарда көбіне орталық көшелерде орналасқан. Kaspi Postomat, әдетте, үйден немесе кеңседен 5 минуттық жерде қолжетімді.
Есікке дейін жеткізумен салыстырғанда, Kaspi Postomat арқылы жеткізу ыңғайлырақ, экологиялық тұрғыдан тиімді және қалалық логистикаға түсетін жүктемені азайтады. Бір курьер бір рейс барысында бір Kaspi Postomat-қа 30-ға дейін сәлемдеме жеткізе алады. Курьерлер рейсті неғұрлым аз жасаса, соғұрлым жанармай аз жағылады және кептелісте өткізілетін уақыт та қысқарады. Бұл, әсіресе, Алматы сияқты ірі қалалар үшін аса маңызды.
Ақтау қаласының тұрғыны Гүлмира Тағаева «Абай» тігін фабрикасынан тапсырыс берген күртеше де тікелей Kaspi Postomat-қа жеткізілді.

Гүлмира Тағаева, сатып алушы, Ақтау.

Жеткізудің басталуы мен тапсырысты ашқанға дейін небәрі үш күн өтті. Осы уақыт ішінде тапсырыс жүріп өткен бағыттың бәрінде көптеген адам бар күшін салып, ананың сыйлығы дер кезінде жетуін қамтамасыз етті.
Kaspi-дің сатушылар мен сатып алушылардың арасында ыңғайлы әрі тиім­ді тұтас жүйе құра алғаны ел ауқымында үлкен экономикалық әсер беріп отыр. Өндірушілер мен сауда компаниялары басқа қалаларға тауар жө­нелту арқылы сатылым көлемін арттыруда. Логистикалық компа­ния­лар мен қоймалар жеткізуден табыс тауып, инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салып, өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуда.
2025 жылы тек Kaspi Магазиннің өзі ғана мемлекетке 126 миллиард тең­ге­ден астам, ал 3 жылда 336 млрд теңге салық төледі. Бұл Kaspi-мен бір­ге өсіп, дамып жатқан серіктестер – дүкендер мен логистикалық ком­па­нияларды есепке алмағандағы көрсеткіш. 
Таяуда ғана ел аумағының кеңдігі мен халық тығыздығының төмен­дігінен Қазақстанда логистиканы дамыту тиімсіз деп есептелетін. Алайда Kaspi бұл түсінікті түбегейлі өзгертіп, жақсы ұйымдастырылған жеткізу жүйе­сі баршаға тиімді екенін іс жүзінде дәлелдеді. 

Тэгтер:

Kaspi Kaspi.kz тапсырыс жеткізу тапсырыс­тар­ды қабылдау пункті Kaspi Магазин Kaspi Жеткізу