Миллион адамға көрсетілген қолдау: «Самұрық-Қазына» азаматтардың өмірін қалай өзгертуде?

Бүгін, 10:33 / Túrkіstan International Political Weekly

10 жыл ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 400-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асырды.

Қайырымдылық көп жағдайда сан­дармен өлшенеді. Бірақ әрбір сан­­ның артында адам тағдыры жа­­тыр: оңалту шараларынан кейін ал­­ғаш рет құлағы естіген бала; ту­ған ауылында спортпен шұғылдану мүм­­кіндігіне ие болған оқушы; жаңа мамандықты меңгерген әйел. Кейінгі 10 жыл ішінде «Самұрық-Қа­­­­зына» компаниялары тобы Samruk-Kazyna Trust ұйы­мы арқылы 400-ден астам жобаны іске асырып, мил­лиондаған адамға қолұшын со­зып, қайырымдылықты бү­кіл ел­ге әсер ететін жүйелі жұ­мыс­­тарға ай­налдырды.
Тек 2025 жылдың өзінде 12,5 млрд теңгеге 39 әлеуметтік жоба іс­­ке асырылған. Қордың бастама­лары инклюзия, медицина, білім беру, мәдениет пен спорт сияқты ел игілігі үшін маңызы зор бағыт­тар­­­ды қамтиды. Нәтижесінде, 1 мил­­лионнан астам отанда­сы­мыз­ға қолдау көрсетілді. Қор жоба­­лары­­ның арқасында шама­мен 600 адам тұрақты жұмыс істеп жүр.
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұр­лан Жақыповтың айтуынша, кор­­поративтік әлеуметтік жауап­кер­шілік – бір реттік акция емес, ұзақ­­мерзімді стратегия.

«Өңірлерде жүйелі түрде жұ­мыс істейтін және адамдар үшін нақ­­ты нәтижесі бар бастамаларды жү­­зеге асыру маңызды», – деді ол өз сөзінде.


Негізгі бағыттардың бірі – ерек­­ше қажеттілігі бар балаларды қол­дау. Бұл бағытта Алматы мен Қы­зылорда қалаларында үш жасқа дейін­гі балаларға арналған ерте ара­ласу орталықтары ашылды. Түр­­­кістан, Қарағанды және Ақтау­да аутизмі бар балаларға арналған арнайы алаңдар іске қосылды. Ainala аралас типтегі оңалту орта­лық­тары жұмысын бастады. Осы­лай­ша, қор елімізде жалпы саны 55 оңал­ту орталығын ашқан. Бүгінде бұл орталықтарда жыл сайын 21 мың­­дай балаға диагностикадан бас­­тап әлеуметтік бейімдеуге дейін­­гі кешенді көмек көрсетіледі.


Бұдан бөлек, Ақмола, Атырау об­лыстары мен Астана қаласы мек­тептерінде инклюзияны қолдау бойын­ша 17 кабинет ашылды. Сөй­тіп, кейінгі екі жылда инклюзивті сынып­тар саны 31-ге жетті.
Әлеуметтік бастамалар қа­та­рын­­да «Саламатты Қазақстан» жо­­­­­басының орны бөлек. Еліміздің шал­ғайдағы ауыл-аймақтарына дейін жеткен медициналық және құ­қықтық көмек көрсететін пойыз был­тыр 123 елді мекенде болып, 100 мыңнан астам тұрғын дәрі­гер­лердің, заңгерлер мен медиа­тор­лар­дың кеңесін тегін алды. Олар­дың 57 мыңы – әйелдер. Бұл баста­ма Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жанындағы Әйелдер іс­тері және отбасылық-демо­графия­лық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссиямен және Денсаулық сақ­тау министрлігімен бірлесіп жү­зеге асырылған.
Кейінгі бес жылда Қордың қол­дауымен ел бойынша 18 спорт ке­ше­ні салынды. Бұл нысандарда 740 мың­дай бала спортпен айналысып жүр. 2025 жылы Қажымұқан, Дәу­лет және Жаңаөмір ауылдарында жаңа кешендер ашылды. Шағын елді мекендер үшін бұл жай ғана ғи­марат емес, бұл жастарды дамы­туға, спортқа баулуға, болашақ чем­пиондарды тәрбиелеуге ар­нал­ған кеңістік.
Сонымен қатар Жұмысшы ма­ман­дықтары жылы аясында бала­лар үйінің тәрбиеленушілеріне ар­налған «Самұрық Үміті» жобасы іс­ке қосылды. Осы бастаманың ар­­­­қасында 100 қатысушының 39-ы жұ­мысшы мамандықтары бойын­ша орта техникалық білім алып жа­тыр. Қор қызметкерлері олар­дың тәлімгерлеріне айналып, кә­сі­би бағдар беру мен жеке дамуына қол­дау көрсетіп келеді.
Сондай-ақ Маңғыстау облы­сын­да 177 бала «Жарқын болашақ» жо­басы аясында гранттарға ие бол­ды. Олардың 56-сы биыл оқуын аяқ­тады. Ал «Туған елге саяхат» кә­сі­би бағдар беру бағдарламасы бойын­ша 400 оқушы еліміздің түр­лі өңірлеріне саяхаттап, тарихи жә­не өндірістік нысандарды ара­лап көрді. Сондай-ақ Stem Hanym бас­тамасы аясында Атырау облы­сындағы 1 000 әйел технологиялық мамандықтар бойынша білім алып, олардың 300-і сертификатталған тре­нер атанды.


Қор өңірлердің мәдени дамуы­на да қолдау көрсетіп келеді. Мәсе­лен, Орал қаласында креативті хаб, Қы­зылордада жаңа тарихи-өлке­тану музейі ашылды. Семейде зағип жан­­дарға арналған кітапхана, Тараз бен Шымкентте белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары іске қо­­сыл­ды. Қордың қолдауымен Ал­­ма­­­ты­дағы Әбілхан Қастеев атын­­да­ғы Ұлттық музей ауқымды жаңар­ту жұмыстарынан кейін қайта ашы­лып, көрермендерді қуантуда.
«Самұрық-Қазына» биыл кор­пора­тивтік әлеуметтік жауапкер­ші­лік бағытында жаңа жоспарлар құрып, жұмыстарды жалғастыруда. Іске асырылған әр жоба – мил­лион­­даған отандасымыз үшін жаңа мүмкіндік екені сөзсіз.

Тэгтер:

«Самұрық-Қазына» «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Миллион адам әлеуметтік маңызы бар жоба