Альмира Тұрсын екінші сәбиін дүниеге әкелді

Бүгін, 10:22 / Алуа Арман
Коллаж: Turkystan.kz

«Томирис» фильмінде басты рөлді сомдап, танымал болған актриса Альмира Тұрсын екінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол перзентханада түскен суреттерін желіге жүктеді. Сәбиге ерекше есім берген.

«Біздің қызымыз – Айя-Сафия дүниеге келді. Менің арманым, менің дұғам, Құдайдың жауабы мен сыйы. Аллаға шүкір», - деп жазды ол.

Альмираның жұбайы Ақан Сатаев та желіде қуанышымен бөлісті.

«Құдайдың қалауымен қызымыз дүниеге келді. Айя-Сафия, осы әлемге қош келдің, бақытты бол!», - деп жазған ол.

Тэгтер:

Бала сәби Альмира Тұрсын Ақан Сатаев