Шаңғышы Александра Скороходова Италиядағы турнирде алтын алды

Бүгін, 09:31 / Інжу Әлихан
olympic.kz

Қазақстандық спортшы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды.

Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті.

Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үздік үштікті АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер түйіндеді.