Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Соловьево ауылында ер адам өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарды.
Отқа оранған үйде кішкентай балалар қалып қойған. Алайда ауыл тұрғынының батылдығы мен жылдам шешім қабылдауының арқасында олар аман қалды.
Соловьев орта мектебінің дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Руслан Сейітов жалынды көрген сәттен бастап әрекет етті. Күшті өрт пен қою түтіннің салдарынан үйге кіре алмай, терезені сындырып, қорқып қалған балаларды сыртқа шығарды, — деп хабарлады ШҚО әкімдігінен.
Содан соң балаларды дереу өз үйіне әкеліп жылытқан.
Көршілернің айтуынша, Русланның әрекеттері сенімді және батыл болды. Ал ол болса өз ісін батырлық деп санамайтынын, мұндай жағдайда басқаша әрекет ету мүмкін еместігін айтты.