Әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі жазбаларымен көпшілікті ойға қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Дәстүрлі әнші жазбаларында ана болудың жауапкершілігі мен өмірдегі сынақтар жайлы ой қозғаған. Ол ана ретіндегі міндетін ерекше атап өтті.
«Жан дүнием қырық бөлікке бөлініп кетсе де, ертеңіне қайта тік тұруға міндеттімін. Себебі мен – анамын», – деп жазды өнер иесі.
Сондай-ақ тағы бір жазбасында өмірдің мәні мен адамға берілетін сынақтарға тоқталды.
«Бұл дүние – сынақ пен сабақ, әр күн – бір мүмкіндік. Дүние өтеді, ал жүректегі із қалады», – деді әнші.