«Барыс» мәскеулік ЦСКА-дан жеңіліп қалды

Бүгін, 00:23 / Өтей Торғайұлы

Астаналық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) сырт алаңдағы матчында мәскеулік ЦСКА-мен ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу басталар алдында ресейлік клуб Шығыс конференциясында алтыншы орында болса, қазақстандық команда оныншы орында тұрған еді.

Алғашқы екі кезеңде шайба соғылған жоқ, ал 59-минутта алаң иелері жеңіс голын соғып, ойынды 1:0 есебімен аяқтады.

Айта кетейік, 24 қаңтар күні «Барыс» қонақта «Нефтехимикпен» кездеседі.
 

Тэгтер:

Барыс хоккей ЦСКА