Қылмыскерлер әлі бостандықта: Аустралияда атыс салдарынан 3 адам қаза тапты

22 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзден

Аустралияда атыс болып, соның салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тағы бір адам жараланған.

Оқиға 22 қаңтар күні Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында болған. Сол кезде төтенше қызметтер атыс туралы хабарламалардан кейін Лейк-Каржеллиго қаласына барған. Оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылған. Олар — екі әйел және бір ер адам. Тағы бір ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.

Полицияның мәліметінше, атқан адамдарды ұстау мүмкін болмаған, олар әлі де бостандықта. Аудан тұрғындарына оқиға орнына жақындамауды және үйлерінде қалуды сұраған шұғыл ескертулер жіберілген. Құқық қорғау органдары операцияны жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, бұл атыс Ұлттық аза тұту күні болған. Бұл күні Аустралияда 14 желтоқсанда Ханука мерекесін тойлау кезінде Сиднейде болған жаппай атыстың құрбандарын еске алады. Ол кезде 15 адам қаза тапқан.

Тэгтер:

Аустралия атыс