23 қаңтарда Астанадағы оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқуға көшеді

22 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзден

23 қаңтарда Астанада бірінші ауысымда оқитын 0–4-сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы елордалық білім басқармасы жазды.

«Ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты 2026 жылғы 23 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0–4-сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшеді», – делінген таратылған хабарламада.

Жуырда ғана Астанада қатты аязға байланысты тек мектеп оқушылары емес, студенттер де қашықтан оқыған еді. Белгілі болғандай, басталған жылымық қысқа мерзімді болды.

Тэгтер:

Астана оқушы аяз