Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 505,71 теңгені құрап, 0,94 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 22 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы — 506,7 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 505,66 теңге, сату бағамы — 507,92 теңге. Астана қаласындағы айырбастау орындарында долларды орта есеппен 504,01 теңгеден сатып алып, 511,01 теңгеден сатуда. Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 505,84 теңге, ал сату бағамы — 507,95 теңге.
Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 12 қаңтарда доллардың орташа өлшенген бағамы 0,24 теңгеге төмендеді, 13 қаңтарда — 0,07 теңгеге төмендеді, 14 қаңтарда — 0,72 теңгеге өсті, 15 қаңтарда — 0,55 теңгеге өсті, 16 қаңтарда — 1,05 теңгеге өсті, 19 қаңтарда — 2,44 теңгеге төмендеді, 20 қаңтарда — 2,42 теңгеге төмендеді, 21 қаңтарда — 0,46 теңгеге төмендеді.