Қазақстандық жасөспірімдер шорт-тректен Қытайдағы турнирде 4 медаль жеңіп алды

Бүгін, 15:57 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық құрама бұл жарыста төрт жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі рет күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ Алина Галечина 1500 метрлік қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да үшінші орынға ие болды.

Турнир 23 қаңтарда аяқталады.

Тэгтер:

Қазақстан Қытай шорт-трек