Бүгін Қазақстанның сейсмологтары Қытайда жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының сайтынан белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"ҚР Ұлттық ядролық зерттеулер орталығының ИГИ деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, 2026 жылғы 22 қаңтарда сағат 12:03 (Астана уақытымен) / 07:03 (Гринвич уақытымен) Қытай аумағында жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: 40,84 градус солтүстік ендік, 78,39 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb = 4,3. Энергетикалық класы K = 9,6", - делінген хабарламада.
Google Maps деректеріне сәйкес, жер сілкінісі Алматыдан шамамен 295 км оңтүстік-шығыс бағытта тіркелген.