Расталмаған мәліметке сәйкес, Меркі ауданында улану белгілерімен 20-дан астам бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл дерек бойынша мамандар оқиға орнына жедел шыққанын хабарлады. Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайын және балалардың денсаулық жағдайының нашарлауына ықтимал себептерді анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.
Ведомствоның нақтылауынша, оқиға бойынша тергеу басталды. Мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, жағдайға объективті баға беру үшін қажетті материалдар жиналып, талдануда. Қорытынды тұжырымдар жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша жасалады.
Қазіргі сәтте ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы мен олардың денсаулығына қатысты болжамдар туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Департаментте алғашқы шаралар аяқталғаннан кейін, соның ішінде оқиғаның алдын ала себептері жөнінде қосымша мәлімет берілетінін атап өтті.