Оқырмандарының сұрағына жауап берген боксшы Данияр Елеусінов Геннадий Головкинмен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, қазір екеуінің арасында ешқандай түсінбеушілік жоқ.
«Біздің қарым-қатынасымыз жақсы. Бәрі дұрыс. Оны тәкаппар деп ойлаған кездерім болған. Қазір мен оны түсінемін. Ол чемпион болды, қолы босамады. Екеуміз де бір елдің атынан шығамыз, бір туды көтереміз. Мен де ол сияқты танымал болғым келеді», - дейді Данияр.