Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы оқырмандарына ренішін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айман өзі туралы тарап жатқан түрлі әңгімелерден шаршағанын меңзеп, әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
Оның айтуынша, желідегі қауесеттер шындықтан алшақ.
«Бұдан кейін әркім өз өсегін өзі тарқатсыншы… Сіздер өзгертіп айтады екенсіздер. Сіздердің өсектеріңізден кейін өзімді танымай қалдым», – деп жазды ол.
Аталған жазба желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлер айтылды.