«Қазгидромет» РМҚ 22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты қар жауады, оңтүстік өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте қарлы боран болады.
22–23 қаңтарда қатты қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ құбылыстары күтіледі. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз сақталады, — делінген хабарламада.