Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында Астанада «Қайратқа» қарсы өткен кездесуден кейін Бельгияның «Брюгге» футбол клубының өкілдері еліне қайтуға дайындалған. Алайда олар әуежайда күтпеген жағдайға тап болып, жоспарланған сапары кешеуілдегені хабарланды, деп жазады turkystan.kz.
"Жексенбіден бері Астанада клуб ұшағының аязда тұрып қалуына байланысты техникалық ақаулар туындаған. Ұшақтың қозғалтқышының қатып қалғаны белгілі болғанда "Брюгге" футболшылары мен бапкерлер құрамы ұшақта болған", деп жазды zakon.kz сайты.
Ұшу уақыты бес жарым сағатқа кешіккен, яғни қонақ спортшылар мінген ұшақ Астанадан түнгі 2-00-дің орнына таңғы 7-30-да әуеге көтерілген.
Еске салайық, 20 қаңтарда Астанада өткен матч кезінде "Брюгге" "Қайратты" 4:1 есебімен жеңген еді.