"Осы сәтті 10 жыл күттім": Блогер "Колобок" жалғыз ұлына ән арнады (ВИДЕО)

21 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

Блогерлер отбасы Елдос Кәдірханов пен Таңшолпан Шотаева баласының бесік тойын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында блогер әлеуметтік желіде жазған. Сондай-ақ баласына арнап ән салған видеосын жариялады.

"Осы сәтті он жыл күттім. Аллаға шүкір осы күнге жеттік! Баршаңызға мың алғыс! Құттықтауларыңызға рахмет!", - деп жазды блогер.

Желі қолданушылары оның қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.

"Аман-есен үлкен азамат болып өсе берсін", "Құтты болсын! Дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болсын! Ақылды азамат болып өсе бергей", "Халықтың баласын абайлап ұстаңдар" деп жазды оқырман қауым.

Тэгтер:

Колобок