Әнші Yenlik айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовтың сынына жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жандарбек Бұлғақов әлеуметтік желіде Yenlik орындайтын BIPL әніне қатысты жазба жариялаған.
"Қарындасым бағың жанып, бақытың ашылсын. Орындаушылығың мен даусыңа басқа кәсіби мамандар пікір айтар. Бірақ дәл мына мәтіннің мағынасы жоқ. Мен оны сөз түсінетін қазақ ретінде айтып отырмын. Өнерге келген екенсің елдің асыра мақтауына да, жігеріңді жаныған сыни пікіріне де дайын бол. Ішіміз ашығаннан емес, тілге жанымыз ашығаннан сөйлейміз", - деп жазған айтыскер.
Оның бұл сынына әншінің де жауабы дайын болып шықты.
"Өтірік тілек жазбай-ақ қойыңызшы. Менің шығармашылығымды толық қарап шыққан болсаңыз, бұлай бір әніме қадалып қалмайтын едіңіз. Сыныңызды мысқылдап, келеке қылмай-ақ осылай бастасаңыз да болар еді. Мен сіздің айтыстарыңызды көріп, шығармашылығыңызды сыйлайтынмын. Бүйтіп жаныңыз ашымай-ақ қойсыншы", - деп жауап қайтарды Yenlik.