Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды

21 қаңтар, 2026 / Өтей Торғайұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төменде Жарлық мәтіні берілген:

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы

2026 жылғы 21 қаңтар

Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия) (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Комиссия туралы ереже;

2) Комиссияның құрамы бекітілсін.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

                Президенті                                            Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 21 қаңтар

                   № 1157

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия) туралы ЕРЕЖЕ

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссияның) ҚҰРАМЫ

Тэгтер:

Ақорда Жарлық