Доллар бағасы үш күн қатарынан арзандап жатыр

Бүгін, 17:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 506,7 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,46 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 21 қаңтарға белгілеген ресми доллар бағамы — 507,05 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 506,63 теңге, сату бағамы — 508,85 теңге. Астанада долларды орта есеппен 506 теңгеден сатып алып, 513 теңгеден сатуда. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орташа есеппен 506,75 теңге, ал сату бағамы — 508,9 теңге.

Еске сала кетейік, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 12 қаңтарда доллардың орташа өлшенген бағамы 0,24 теңгеге төмендеді, 13 қаңтарда — 0,07 теңгеге төмендеді, 14 қаңтарда — 0,72 теңгеге өсті, 15 қаңтарда — 0,55 теңгеге өсті, 16 қаңтарда — 1,05 теңгеге өсті, 19 қаңтарда — 2,44 теңгеге төмендеді, ал 20 қаңтарда — 2,42 теңгеге төмендеді.

Тэгтер:

Доллар теңге биржа нарық қор бағам