Теннисші Назерке Болатбек Қатардағы турнирде қола медальға ие болды

Бүгін, 14:32 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Назерке Болатбек Қатардың Доха қаласында өткен WTT Youth Contender атты ірі халықаралық турнирде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшы 13 жасқа дейінгі жас санатында қола жүлдеге қол жеткізді. Турнир барысында Болатбек үш кездесуінде жеңіске жетті. Ал жартылай финалда ол Мысыр спортшысы Заки Малакқа жол берді.

Дегенмен Назерке Болатбек жартылай финалға шығу арқылы қола медальға ие болды.

Тэгтер:

теннис Назерке Болатбек