Электронды жыбдық қалдықтарының көлемі 40 миллион тоннадан асқан

Электронды жыбдық қалдықтарының көлемі 40 миллион тоннадан асқан

Электронды жыбдық қалдықтарының көлемі 40 миллион тоннадан асқан
ашық дереккөзі
БҰҰ-ның хабарлауынша 2014 жылы бүкіл әлемде электрондық және электротехникалық өнімдер қалдығының көлемі 41,8 миллион тоннаны құраған. Деректе жарамысыз қалдықтардың тек алтыдан бір бөлігі ғана қайта өңдеуге жіберілетіні айтылған. Сонымен қатар, құрамында алтын, күміс, темір, мыс бар электрондық қалдықтың жалпы құны 50 миллиард доллардан асады деп бағаланып отыр. Зерттеу авторлары электрондық қалдықтардың көп бөлігі (жеті миллион тоннадан аса) АҚШ-тың үлесіне тиесілі дейді. Екінші орында – Қытай (алты миллион тонна), одан кейін Жапония, Германия және Үндістан тұр. Елдегі тұрғындар басына шаққандағы электрондық қалдық заттар көрсеткіші бойынша тізім басында Норвегия да тұр.  Осы көрсеткіш бойынша Швейцария, Исландия, Дания және Ұлыбритания алғшақы бестікке енетіндігі анықталып отыр.