Түркістан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға Қазығұрт ауданындағы "Қазығұрт-Жібек жолы" тас жолында болды.
"Kia көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, HAVAL маркалы көлікпен соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында 3 адам қаза тауып, бірнеше адам медициналық мекемеге жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.
Полиция жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырды.