Месси өз командасында қай футболшыларды көргісі келетінін айтты

Месси өз командасында қай футболшыларды көргісі келетінін айтты

Месси өз командасында қай футболшыларды көргісі келетінін айтты
ашық дереккөзі
«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси командасында көргісі келетін футболшылардың тізімін жасады деп хабарлайды Vesti.kz. Футболшы алдағы трансфер кезінде басшылардан осы ойыншыларды сатып алуларын өтінген. Команда алдағы уақытта қорғаушы, жартылай қорғаушы, плеймейкер және шабуылшы іздестірмек екен. Месси бұл орындарға лайықты ойыншыларды таңдап үлгерген. Ол қорғаушы Эктор Бельерин («Арсенал») мен жартылай қорғаушы ретінде Марко Вератти (ПСЖ) және Бернарду Силваның («Монако») келгенін қалайды. Ал плеймейкер қызметін Филиппе Коутиньо («Ливерпуль») атқара алатынына сенімді. Бірақ ағылшындық клуб өз ойыншысын сатпайтынын мәлімдеп үлгерді. Сондай-ақ, Месси шабуыл шебіне Килиан Мбаппенің («Монако») немесе Усман Дембеленің («Боруссия Дортмунд») келгені дұрыс деп есептейді.