1 ақпаннан бастап бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің өкілеттіктері кеңейтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше, олар бұзушылықтардың себептерін жою жөнінде жеке ұсынымдарды жергілікті атқарушы органдарға және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылатын мемлекеттік органдарға жолдау құқығына ие болады, сондай-ақ бұзушылықтардың жүйелі себептерін жою үшін шаралар қабылдауды талап ете алады.
Бұл өкілеттіктер балалар мекемелерінде және әлеуметтік сала ұйымдарында анықталған қауіп-қатерлерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.