Қазақстанның солтүстігіндегі ауылдардың бірінде үйде жалғыз әрі құлыптаулы қалған бес жасар қыз өрт салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылында болды. Өрт екі пәтерлі тұрғын үйде шыққан. Куәгерлер түтін мен отты байқап, дереу құтқарушыларды шақырған.
Туыстары үйге кірмек болғанда, есіктің сыртынан құлыптаулы екенін байқаған. Терезені сындырып кірген кезде, үйде бала болған. Қызды өрттен кейінгі күлдің арасынан тапқан, ол диванның артына жасырынған.
Көршілердің айтуынша, ата-анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, қонаққа кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ересектер кетер алдында пеш жаққан, өрттің шығуына сол себеп болуы мүмкін. Бала есік құлыптаулы болғандықтан сыртқа шыға алмаған.
Көршілері үлкендердің қызды үйде жиі жалғыз қалдыратынын, өздері ішімдікті көп ішетінін айтады.
33 жастағы анасы 31 жастағы таныс азаматпен өмір сүрген. Соған қарамастан, комиссия, полиция және әлеуметтік қызметтер тарапынан жүргізілген тексерулер кезінде бұған дейін елеулі заң бұзушылықтар тіркелмеген.
Әйелді құқық қорғау органдары ұстаған. Аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ананы ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.