Жамбыл облысында жоғалып кеткен адам табылды

Бүгін, 16:20 / Алуа Арман
112

Жамбыл облысындағы жоғалып кеткен адамды іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ер адам 17 қаңтар күні таңертең атпен мал жаюға шығып, қайта оралмаған. Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін жедел түрде ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Іздестіру шаралары қолжетімділігі қиын далалық аумақта ұшқышсыз ұшу аппараттары мен кинологиялық есептопты қолдана отырып жүргізілді. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде ер адам шаруа қожалығынан 15 шақырым қашықтықта табылды. Анықталғандай, ол осы күндердің барлығын далада малмен бірге өткізген.

Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ тұрғындарға алыс жолға шығу немесе мал бағуға бару кезінде жақындарын алдын ала хабардар етіп, ауа райы мен жер бедерінің ерекшеліктерін ескеруді еске салады.

Тэгтер:

Жамбыл облысы құтқару іздестіру малшы