Семсерлесушілер Италияда өтетін Гран-приге қатысады

Бүгін, 15:57 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған ірі халықаралық жарыс 5-7 ақпан аралығында өтеді.

Италияда ел намысын София Актаева, Алёна Гноева, Ғалым Нұрымов және Тимофей Семёнов қорғайды.