Түркістан облысында жол апаты болып, үш адам қаза тапты

Бүгін, 15:55 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Апат Қазығұрт – Жібек жолы автожолында болған. Kia маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлді игере алмай, соның салдарынан HAVAL маркалы көлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Апат дерегі бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Тэгтер:

Жол апаты Түркістан облысы