Президент Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтады

Бүгін, 12:55 / Інжу Әлихан
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының қарқынды дамуы әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың табанды еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазір Қызылорда облысында, әсіресе, әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп.

Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды.

Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көп бейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады.

Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі», - деді Президент Ұлттық құрылтайдың V отырысында.