Мен әрбір шешімді елге қажеттігі тұрғысынан мұқият саралай отырып қабылдаймын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 14:01 / Алуа Арман
Ақорда

Бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Отырыста сөз сөйлеген Мемлекет басшысы өзі үшін халықтың қамы, ұлттың, мемлекеттің мүддесі – баға жетпес құндылық екенін атап өтті.

«Әлемдегі ахуал тым шиеленісіп тұрғанына қарамастан, біз елімізде күрделі әрі түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырдық.

2022 жылғы конституциялық реформаға, одан кейін Атом электр станциясын салуға қатысты референдум кезінде халқымыздың басым көпшілігі мені қолдады. 

Мен әрбір шешімді елге қажеттігі тұрғысынан мұқият саралай отырып қабылдаймын.

Азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты жұмыспен айналысу мен үшін бәрінен маңызды. Халықтың қамы, ұлттың, мемлекеттің мүддесі – мен үшін баға жетпес құндылық.

Алдағы уақытта да елімізді дамытып, Тәуелсіздігімізді нығайта түсу жолында бар күш-жігерімді салып еңбек ете беремін.

Осы орайда, стратегиялық бағдарымды үнемі қолдап келе жатқан барша халыққа және осы залда отырған еліміздің лайықты азаматтарына шын жүректен ризашылығымды білдіремін және зор алғысымды айтамын», - деді Президент.

Тэгтер:

Ұлттық құрылтай