Мемлекет басшысы: Таза Қазақстан – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігі

Бүгін, 13:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Отырыста сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі екенін баса айтты.

«Таза Қазақстан» – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды.

Тазалық халқымыздың адал ниеті мен таза пейілінен басталады. Бұл – ең алдымен көшелерді, үйлерді таза, ұқыпты ұстау деген сөз.

Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі.

Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және ілгері қадам басушы озық ел боламыз», - деді Президент.

Тэгтер:

Ұлттық құрылтай Таза Қазақстан