Тоқаев: Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті көремін

Бүгін, 13:02 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында жергілікті тұрғындардың еңбекқорлығы мен ұйымшылдығын айрықша атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгінгі басқосуға Сыр елінің азаматтары қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және жастар бар.
Осы орайда, жергілікті халықтың еңбекқорлығы мен ұйымшылдығын атап өткім келеді.
Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін.
Облыс орталығымен қатар, әр ауылдың тазалығы көз тартады. Мысалы Нағи Ілиясов, Таң ауылдарын бүкіл елге үлгі ретінде үнемі айтып жүремін.
Сіздер осы аймақпен қатар, күллі еліміздің дамуына үлес қосып келесіздер», – дейді Мемлекет басшысы.

Тэгтер:

Қызылорда Сыр елі жұртшылық