Сенат депутаттары Павлодар облысына барды
Сенат депутаттары Павлодар облысына барды
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ертіс өңіріне барып, ондағы білім беру саласының бүгінгі хал-ахуалымен танысты, – деп хабарлайды 24.kz арнасы.
Сапар барысында Сенат депутаттары 55 жылдық тарихы бар Павлодар мемлекеттік педагогикалық иститутының ұжымымен кездесті. Шәкірт тәбиелеп жүрген оқытушылармен бірге білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Қарастырылған мәселелердің қатарында 12 жылдық оқу үдерісіне көшу, үш тілде оқыту және оқулықтардың сапасы секілді маңызды тақырыптар болды. Аталған тақырыптар жөнінде халық қалаулылары мен ұстаздар қауымы пікір алмасты.
Сонымен қатар, сенаторлар оқу орны қызметкерлері тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді. Оқытушылар тарапынан айтылған кейбір ұсыныстарды Парламентте өтетін жиында көтеруге уәде берді.
Айта кетерлік қуанышты жайт, Павлодар облысында үш ауысымдық мектептер мүлдем жоқ. Ал мектепке жасына дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші бойынша Павлодар облысы көш басында тұр.
Сондай-ақ, жиын барысында депутаттар мен ұстаздар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы туралы да пікір алмасты. "Қазақ халқының асыл қасиеттері, қазақ халқының мәдениеті мәселелерін игеру соны әлемдік деңгейге жеткізу ол бүгінгі біздермен келер ұрпақтың міндеті міндеті. Рухани жаңғыру бүгінгі әлемде бәскелестікке қабілетті болу. Біліммен, ғылыммен, техникамызбен өзіміздің озық ойымызбен қабілетті болу мәселесін Елбасы алға тартып отыр», – деп атап өтті ҚР Парламенті Cенатының депутаты Жабал Ерғалиев.