Жетісу облысында 3 адам қар құрсауынан құтқарылды

Бүгін, 08:23 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал–Достық автожолында, Көктұма станциясынан 15 км жерде жеңіл көлік қар құрсауына қалып, қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар қызметі 3 адамды құтқарып, Көктұма станциясына жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ азаматтарды жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайларын ескеруге және жол қауіпсіздігін қатаң сақтауға шақырады.