Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен бірге түскен видеосын жариялап, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі жарияланған видеода сүйіктісіне арнайы ән арнағанын айтып, жазбасына қысқа ғана пікір қалдырған.
«Ән арнаймын деп жылатып алдым…», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты түрлі пікір қалдырып, көзқарастары екіге жарылды. Кейбірі әнші мен оның сүйіктісіне бақыт тілеп, қолдау білдірсе, енді бір бөлігі жас айырмашылығына назар аударып, сын пікірлерін жасырмады.