«Сергек» камерасын мылтықпен атып бүлдірген азаматқа қомақты айыппұл салынды

Бүгін, 17:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Байзақ ауданының тұрғыны «Сергек» камерасын жойғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айыпталушы 2025 жылдың желтоқсанында «Сарыкемер – Түймекент – Ақшолақ» тас жолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, «Сергек» камерасына қасақана зақым келтірген.

Осылайша «І» ЖШС-ға материалдық шығын келтірген.

Сотта құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, келтірілген залалдың ішінара өтелгені туралы хабарлады.

Жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін көрсетті.

Сот қаулысымен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тэгтер:

Айыппұл Сергек камерасы