Биржада доллар арзандады

Бүгін, 16:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа өлшенген бағамы 509,63 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 2,44 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 19 қаңтарға арналған доллардың ресми бағамы 512,16 теңге болып белгіленген.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 509,6 теңге, ал сату бағамы – 511,59 теңге. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 508 теңгеден сатып алып, 515 теңгеден сатып отыр. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 509,48 теңгеден сатып алып, 511,55 теңгеден сатып жатыр.

Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша 12 қаңтарда доллардың орташа өлшенген бағамы 0,24 теңгеге төмендеді, 13 қаңтарда – 0,07 теңгеге төмендеді, 14 қаңтарда – 0,72 теңгеге өсті, 15 қаңтарда – 0,55 теңгеге өсті, ал 16 қаңтарда – 1,05 теңгеге өсті.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам