«Мен де халқыма есеп берсем»: Қарақат Әбілдина қуанышты жаңалығын жария етті

Бүгін, 14:38 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Әнші Қарақат Әбілдина сахнада жүргеніне 25 жыл толғанын айтып, көктемде жеке есеп беру ән-кешін өткізуді жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қайран жиырма бес. Күні кеше ғана сияқты еді… Міне, биыл сахнада жүргенімізге де 25 жыл толыпты. Уақыт қалай өткенін байқамай да қалыппыз.

Біздер өнерге бір лек болып ,бір кезеңде келдік. Қай әншілер екенін айтпасамда түсінген боларсыздар.Өнерден ойып тұрып өз орындарын алған әріптес, достардың әр-қайсымен мақтанамын! Сол кезден бері талай нәрсе өзгерді. Ал сахнаға деген сезім өзгермеді. Тыңдарманмен арадағы махаббат та сол қалпы.

Биыл әріптестеріміздің біразы сахнадағы 25 жылдықтарын атап өтуді жоспарлаған болар. Осы бір белесті алғашқылардың бірі болып “Музарт” тобы бастамақ. Сәттілік тілеймін!

Алла қаласа, алдымыздағы көктемде мен де халқыма есеп беріп, сахнадағы жиырма бесімді атап өтсем деп ойлаймын. Продюсерім құлағына алтын сырға.

Осы жылдар ішінде жарыққа шыққаны бар, шықпағаны бар 100 ден аса ән жазылды.

Әрқайсысының өз тарихы, өз естелігі бар. Әрине, бәрін бір кешке сыйғызу мүмкін емес», - деп жазды өнер иесі.

Тэгтер:

әнші Қарақат Әбілдина