Australian Open-2026: Зарина Диас алғашқы айналымнан ары аса алмады

Бүгін, 14:24 / Дана Ізтілеуова
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Зарина Диас (№290) Мельбурнде басталған Australian Open-2026 турнирінің алғашқы айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқы кездесуінде испандық Паула Бадосаға қарсы ойнаған ол 2:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды.

Зарина желтоқсан айында Қытайдағы турнирде жеңіске жеткен соң, Wild Card арқылы Australian Open-2026 турниріне қатысу құқын иеленген еді.

Қалған қазақстандық теннисшілер беделді турнирді жеңіспен бастады. Бұған дейін Юлия Путинцева (№94), Александр Бублик (№10) және Александр Шевченко (№97) алғашқы кездесулерінде жеңіске жетті. Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы ойынын 20 қаңтарда Словения теннисшісі Кайи Юванға (№100) қарсы өткізеді.

Тэгтер:

Зарина Диас Australian Open-2026